28.04.2018, 17:00
Оқылды: 30

Оралдық 14 оқушы АҚШ елшілігінің демеушілігімен оқыды

Бүгін Оралдағы Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар мен  жасөспірімдер  кітапханасында 14 оқушыға ағылшын тілі курсын оқып бітіргені жөнінде сертификат және сөздіктер табыс етілді.

Қазақстандағы АҚШ елшілігінің пресс-атташесі Рэн Эльхайдың айтуынша, еліміздің өңірлерінде 11 америкалық бұрыш жұмыс істейді. Соның бірі Оралдағы аталмыш кітапханадағы бұрыш 2006 жылдан бері балаларды ағылшын тіліне машықтандырып,  америкалық мәдениетпен жете таныстырады. Амеркһикалық стильді ресурстық орталық АҚШ-тағы оқу  туралы ақпаратпен, кең зерттеу дерекқорымен, америкалық кітаптармен қамтылған.

-«Ағылшын тілі және көшбасшы» бағдарламасына 15 жыл бұрын іске қосылған. Содан бері 10 мыңдай адам оқыту курсынан өткен. Шаһарда 8-9 сыныптарда оқитын ұл-қыздар ағылшын тіліне 2017 жылдың қыркүйегінен биылғы сәуір айына дейін аптасына екі рет келіп тегін оқыды. Енді бұл балалар әрі қарай білім-біліктерін дамытып, өзгелерге көмектесу үшін өз бағдарламаларын құра алды. Қазақстандағы АҚШ елшілігі ағылшын тілін оқыту курсына демеушілік жасады, - деді Рен Эльхай.

Елшіліктің серіктесі «Рост» білім беру орталығы балаларды іріктеуден өткізіп, ағылшын тіліне машықтандырған. Бұған қоса елшіліктің есебінен мұнайгаз саласы үшін техникалық ағылшын тілі тобы оқытылуда. Онда ағылшын тілін білетін 12 студент техникалық мамандану бойынша   білімдерін жетілдіріп, мамыр айында оқу курсын бітіреді. Қазірдің өзінде бір студент «ҚПО б.в.» компаниясынан аудармашы болуға шақырту алды.

Қала  тұрғындары америкалық оқыту курсы туралы ақпаратты Қазақстандағы АҚШ елшілігінің әлеуметтік  желідегі (Фейсбук, Инстаграм) парақшаларынан таба алады.

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА,

«Орал өңірі»

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале