7.02.2017, 16:51
Оқылды: 66

Оралдық алаяқ «Olx» қызметін пайдаланған

Alayiak  Оралдық алаяқ «Olx» жарнама агенттігіне корпусты жиһаздар дайындаймын деп хабарландыру береді. Алайда оның бұл қызметіне сенген қарапайым халық оны үйге шақырады. Әлгі айлакер жиһаздың өлшемін алып, дизайнымен келісіп, алдын ала ақысын алып, ізім-қайым жоқ боп кетеді. 


  Батысқазақстандық тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде бұл іске қатысы бар 1988 жылы туған Солодовников Игорь Николаевич  есімді азаматты анықтады. Бүгінгі күні ондаған азаматтың бұл алаяқтың құрбаны болғаны болды. Келтірілген шығын барысы анықталуда. Тергеп-тексеру барысында оның бұдан бұрын да дәл осыған ұқсас қылмыстарға барғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта аталған азамат Орал қалалық ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Аталған қылмыс ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөліміне сәйкес (алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

  Құрметті облыс және қала тұрғындары, аталған И.Н.Солодовниковтің құрығына түсіп, алданған азаматтар болса, тікелей «102» нөміріне қоңырау шалуыңызды немесе бірден ішкі істер органдарына хабарласуыңызды сұраймыз. Барлық хабарламалар белгіленген тәртіпте қаралатын болады.

www.zhaikpress.kz

БҚО ІІД баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале