3.04.2019, 17:42
Оқылды: 29

Оралдың орталығында әйелдерді тонаған қарақшы ұсталды

Ол наурыз айының ішінде 4 әйелді тонаған. Орал қалалық Полиция басқармасының мәліметінше, 1971 жылы туылған, отбасын құрмаған, еш жерде жұмыс жасамайтын А. есімді оралдық Евразия даңғылы, Құрмағазы мен Исаев көшелері бойында әйелдерге шабуыл жасап келген.

Қарақшы әйелдерді қараңғы көшеге жалғыз бұрылғанда, шамы көмескі тұстарда, тіпті кейбірін үй подьездері алдында күтіп ұрып, ұрып-соғып, ақша мен алтын бұйымдарын сыпырып алған. Мысалы: 8 наурызда Исаев көшесі бойында студент қыз балаға шабуыл жасап, алтын сырғасын, 2 күміс сақинасы мен 6 мың теңге ақшасын тартып алған. Тәртіп сақшылары қарақшыны тонау үстінде қолға түсірді. Оның бұған дейін де қарақшылық шабуыл мен тонауға қатысты заң алдында жауапталғаны анықталды. Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале