10.02.2017, 12:55
Оқылды: 52

Өрттен сексен жастағы зейнеткер көз жұмды

skoraya  9 ақпан күні сағат 00.10-да БҚО ТЖ департаменті өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің орталық байланыс нүктесіне Орал қаласы, 8 наурыз көшесі, 31-үй мекенжайындағы пәтер өртеніп жатқаны жөнінде хабар түскен. Өрт сөндірушілер оқиға болған жерге 4 минуттан кейін жеткен.


  Оқиға орнынан полиция қызметкерлері денесін түгел жалын шалған 1936 жылғы үй иесін алып шықты. 30 шаршы метр аумақты қамтыған өрт сағат 01.42-де толықтай сөндірілді. Өрт сөндіруге 2 техника, 12 адам жұмылдырылды.

 Қазіргі кезде өрттің шығу себептері анықталуда. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Флюра Саматованың айтуынша, қария қалалық көп бейінді ауруханаға жеткізілгенмен, көз жұмған.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале