20.08.2019, 11:45
Оқылды: 114

«Парасаттылық» жазғы мектебі өтті

2019 жылды Елбасы Н.Назарбаев Жастар жылы деп жариялады. Еліміз бойынша «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтары жұмыс жасауда, түрлі акциялар, флэшмобтар, ойын-сауық іс-шаралары өтуде.

IMG_0613

Үстіміздегі жылдың 19 тамыз күні «Евразия (лагерь)» туристік-сауықтырукешенінде«Ақжайық – адалдық алаңы» жобасы аясында лагердің тәрбиеленушілері мен ұжымы үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы жазғы мектеп ұйымдастырылды.

Іс-шараның басты мақсаты – балаларды парасаттылық, адалдық және мейірімділік негіздеріне оқыту болып табылады.

IMG_0644

Шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасарыН.Самет,«Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ә.Салиева және облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары З.Гумарова қатысты.

IMG_0659

Н.Самет өз сөзінде балаларды адал, парасатты болуға және тек жақсылық, патриотизм жолымен жүруге кеңес берді.

Сонымен қатар, іс-шара барысында патриоттық тақпақтар мен әндер айтылып, «Біз адалдықты таңдаймыз!» тақырыбында флэшмоб ұйымдастырылды және шара соңында естелік сурет жасалды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале