29.10.2019, 16:27
Оқылды: 57

Президенттік жастар кадрлық резервінің әлеуетті бағалау кезеңіне 549 жас өтті

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаментінің басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ғалым Тұрсынбаевтың қатысуымен баспасөз брифингі өтті.

- 1 қыркүйекте Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу жарияланды. Оған еліміздің жастарымен қатар, шетелде жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

galym tyrsynov

Бұл жастарға ұлттық холдингте немесе компанияда, саяси немесе жоғары басқарушылық әкімшілік лауазымға, жоғары лауазымға тағайындалуға мүмкіндік береді. Іріктеуге 13 212 адам тіркеліп, 7 312 үміткер тіркеуді толық аяқтады. Қабілетін тестілеуге 5 745 үміткер қатысып, тестілеуді верификациялауға 902 үміткер жіберілді. Верификация нәтижесінде 549 жас әлеуетті бағалау кезеңіне мүмкіндік алды, - деді Ғалым Тұрсынбаев.

Айта кетейік, бұл кезең эссе жазу, жобаны ұсыну, құзыреттерді бағалау сынды үш құрамдас бөлімнен тұрады. Эссе жазу және жоба таныстыру онлайн түрде жүзеге асады. Бағалау кезеңі кандидаттың қатысуымен Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Осы кезеңнен өткендер сараптамалық комиссиямен әңгімелесуге қатысады. Қорытындысында Ұлттық комиссия кандидаттарды Президенттік резервке қабылдау туралы шешім қабылдайды.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале