13.02.2020, 17:26
Оқылды: 21

Qazform-да видеоплатформаның қазақ тілді сегментін монетизациялау мәселелері талқыланды

Қазақ тілінде онлайн контент жасаушылардың «Өзгеріс кезеңіндегі сын мен шын» IV форумы Нұр-Сұлтан қаласында өтті. Қатысушылар Youtube-қа арналған секцияға ерекше назар аударды, онда белгілі видеоплатформаның қазақ тілді сегментін монетизациялау мәселелері талқыланды.

QAZFORUM-369

«QazForum-2020» спикері, «Salem Social Media» бас директоры Александр Аксютиц: «Қазақ тіліндегі контент пайдалануда басым екенін айтқым келеді. Бүгінгі форум осыған тағы бір дәлел. Өйткені, зал толық. Залда бос орындар жоқ. Зал Форумға белсенді қатысуда. Көптеген сұрақтар қойылады, пікірлер айтылады және бұл-керемет. Бұл саланың дамып келе жатқанын көрсетеді. Біз бұл туралы бұрыннан айтып отырмыз. Егер қазір Қазақстанда контентті дамытатын болсақ, оны қазақ тілінде жасау керек. Өкінішке орай, біздің жарнама берушілеріміз осыны әлі түсінбейді, бірақ қазақстандық аудитория, әсіресе digital аудиториясы - қазақ тілді. Сондықтан, осындай форумдар өткізілетіні өте жақсы. Бұл мазмұнды пікір алмасуға,жаңалықты үйренуге, сондай-ақ өз білімдерімен бөлісуге мүмкіндік» деді.

QAZFORUM-394

-Қазақстан Youtube-тегі видеоларды қарау бойынша әлемдегі үшінші орында тұр дейді. Неге осынша көп көре отырып, неге содан пайда алмасқа? Материалдық, рухани жанағы ғылымдық деген секілді ғой. Сондықтан да бүгінгі спикерлер өзінің білгенімен бөлісті, лайфхактарын айтты, трендтерге бағыт сілтеді, біздің бір жасап өткен кейбір қателіктерімізге көзімізді ашты. Мен Youtube-ты өте аз қолданам, тіпті қызым Youtube-ты менен гөрі көп қолданатын шығар. Өзім өте көп ақпарат алдым. Және бастысы, осы форумды жыл сайын осы бір алдағы болатын дүниелерді біліп, трендтерді бағандап, соған сай қимыл жасауға үлкен шара деп ойлаймын, - дейді «Qazform 2020» модераторы, журналист, блогер Өркен Кенжебек.

- Осы Форумда қазір қазақ тілді ғаламторда жетістіктерге жеткен азаматтардың пікірін тыңдап шықтым. Форум керемет ұйымдастырылған. Мен үшін жалпы осындай форумдардың бұдан да тереңірек және спецификасына сай бөлініп өткізсе деген ниетім бар. Өйткені әрбір саланың өзінің мәселелері бар. Бүгін осы Youtube контентіне қатысты пікірталаста біреулер балаларға арналған контентті айтып кетсе, екінші пікір айтып жатқан азаматтар басқа көрермендердің сұранысын айттып кетті. Меніңше, бұндай тақырыптарды бөліп өткізген дұрыс сияқты, - деді «Qazform 2020» қатысушысы, АО «Қазына Капитал Менеджмент» кеңесшісі Максим Рожин.

QAZFORUM-505

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале