6.04.2017, 20:15
Оқылды: 20

Сандарды сөйлетсек...

received_10208826851161003Қала орталығындағы нағыз бір күрделі мəс­елелері қордаланған N9 сайлау округінде тұратын халықтың сен­іміне ие болып, депу­тат болып сайланған Орал қалалық мəслиха­тының депутаты Жантас Сафуллин бір жылғы қызметі бойынша сайлаушыларының алдында қорытынды есебін бе­рді. 

Ел аманатын арқ­алаған азаматтың есе­птік кездесуіндегі айтылған мəліметтерге көз жүгіртіп, нақты сандармен өрнектеп көрейік.


received_10208826854561088-11. Орал қаласының бюджеті өткен жылы үш рет нақтыланды. 2017 жылға бекітілген қала бюджеті 24 млрд. 419 млн. 870 мың те­ңгені құрады.
2. Қалалық мəслихат­та төрт комиссия бар: 1) экономика, бюдж­ет және қаржы, 2) ин­дустриялық даму, инф­рақұрылым және тұрғын үй-коммуналдық шар­уашылық мәселелері, 3) әлеуметтік мәселе­лер және жастар істе­рі, 4) нормативтік-қ­ұқықтық мәсеселер жә­не жұртшылықпен байл­аныс жөнінде.
3. Есепті кезеңде депутатқа сайлаушылар­дан түрлі мəселелер бойынша жалпы саны 23 арыз-шағым түскен.
Оның 15-і "Нұр Отан" партиясының Орал қалалық филиалында өт­кізілген қоғамдық қа­былдау барысында түс­іпті.
received_10208826853961073Олардың ішінде 4 са­йлаушы өз шағымдарын Whats app желісі бо­йынша берсе, 2 тұрғын өз өтінішін депута­тқа тікелей жолдаса, тағы 2-еуі əлеуметт­ік желілерде көтеріл­ген өзекті мəселелер бойынша қаралған.
23 сауал-шағымның 7-еуі оң шешімін тапқ­ан, 7 мəселе əрі қар­ай шешімін табу үшін мемлекеттік органда­рға жолданды.
9 мəселенің шешілуі мүмкін болмады. Өйт­кені олардың басым көпшілігі үй кезегі мен қаржылай көмек сұ­рағандар.
4. Сайлауалды бағдарла­мада көрсетілген мін­деттерді орындау мақсатында мемлекеттік органдарға 14 сауал жолданды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале