31.05.2017, 16:36
Оқылды: 80

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай деректі көрме өтті

DVD saiasi kygin syrgin   31 мамыр – бүкіл қазақ баласы көкірегін қарс айырып, бір сәт күрсінетін күн. Өлгенге иман, өткенге салауат тілейтін күн. Қаскөй саясаттың қанқұйлы қасап-қыспағынан қапыда мерт болған қаншама қазақ баласын жоқтайтын күн.

  Осынау қазалы саяси қуғын-сүргін құрбандары күніне орай Батыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінде деректі көрме ұйымдастырылды. Көрмеге аталған мекеме басшылығы, ішкі істер органдары ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Адаев, Орал облысы дінге табынатын қуғын-сүргінге ұшырағандардың ісін зерттеумен айналысатын зерттеуші әрі жазушы, Орал Архиепископ және Ақтөбелік Антония өкілі В.Кутищев, облыстық тарихи, өлкетану мұражайының өкілдері  және жеке құрам, жас мамандар қатысты.


   «Бүгін біз жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу бойынша деректі көрме ұйымдастырып отырмыз. Деректерге сүйенсек, 1921-1954 жылдар аралығындағы кезеңде бұрынғы Кеңес Одағында сотталған адамдардың саны 3 млн. 777 мыңға жеткен екен, оның ішінде 642 мыңдайы ең қатал жазаға тартылған. Бұл аштықтан қайтыс болған адамдарды қоспағандағы статистика. Өздеріңізге мәлім, «голощекин» аштығынан миллионнан астам қазақ көз жұмған болатын. Сондай-ақ, бұл тізімге Қазақстанға күштеп қоныс аударылып, кейін қайтыс болған адамдар енгізілген жоқ. Сол жылдары Қазақстан мемлекеті миллиондаған кеңес азаматтары депортацияланған орынға айналды. Еліміз бойынша осы бағытта 953 лагерьлер мен елдімекендер жұмыс істеген. 1937-1938 жылдардың өзінде ғана республикамызда 100 мыңнан астам адам заңсыз сотталып, оның ішінде 25 шақтысын атып тастаған. Біздің облыс бойынша 1937-1938 жылдары 1789 адам қуғын-сүргінге ұшырап, оның ішінде 1 025-ін атып тастаған.

  2014 жылы Батыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаментіне Ұлттық қауіпсіздік департаментінен ақтауға жатқызылмайтын адамдардың, қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтардың, сот органдары тарапынан ақталған адамдардың жеке істері, Ұлы Отан соғысы кезінде пленге түсіп, тұтқында болған бұрынғы КСРО кеңес әскерлері туралы материалдар қабылданды», - деді ІІД бастығының орынбасары полиция подполковнигі Б.Абуов өз сөзінде.

   Шара барысында жауап алу бөлмесінде сол кезде орын алған қуғын-сүргінге ұшыраған Алаш азаматынан қинап жауап алу сәтінен үзінді көрсетілді. Бұл көріністі көрген әрбір көрерменнің көңілі босап, ерекше  жан түршігерлік жағдайда болды. Сондай-ақ, шара барысында облыстық филармония әншісінің орындауындағы керемет  ән де көрермен назарына ұсынылды.

Батыс Қазақстан облысы

 ІІД баспасөз қызметі

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале