16.07.2019, 18:16
Оқылды: 411

Шаған өзені тазартылуда

Шаған өзенінің Круглоозерный ауылы тұсындағы сағасын тазарту жұмыстары жүргізілуде. Аталымыш суландыру  өңірдегі Ақжайық, Қазталов, Жаңақала, Бәйтерек, Тасқала аудандарының тұрғындарын сумен қамтиды. Осы суландыру жүйесі Жайық суын магистралды каналдарға жеткізеді.

Безымянный1

Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының  басшысы Ринат Шауеновтың айтуынша, соңғы 25 жыл бойы тазартылмаған су арнасының түбі қатты ластанған. Өзеннің суы тартыла түскен. Шаған өзені сағасының ұзындығы 46,5 шақырымды құрайды. Өзеннің арнасын тазалау жұмыстарына Қарағанды қаласынан 50 млн. еуро тұратын земснаряд, судың түбін тазалайтын арнайы техника уақытша әкелінген. Тазалау жұмыстары бір айға созылады.

- Бұған дейін өзендегі судың өтуі секундына 4 шаршы метрді құраса, тазалау жұмыстары басталғалы судың ағысы 10 шаршы метр болды. Жалпы тазалау жұмыстар аяқталғаннан кейін суды өткізу көрсеткіші 4 кубтан 14-15 кубқа дейін жетпек. Сонда Жайықтан келген су төмендегі каналдарға толықтай жетеді, - дейді  Ринат Шауенов.

 Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА,

zhaikpress.kz

 

 Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале