28.02.2020, 18:50
Оқылды: 1000

«СПК Aqjaiyq» АҚ-ның басқарма төрағасы тағайындалды

«СПК Aqjaiyq» АҚ-ның басқарма төрағасы лауазымына Курумбаев Надир Шамұратұлы тағайындалды.

36d5d4bc-91a8-4c63-a2a4-30df001a386b

Курумбаев Надир Шамұратұлы – БҚО, Бөкей ордасы ауданы, Сайқын селосында 1984 жылы туған. Білімі - жоғары. Тарих және география, стандарттау, метрология және сертификаттау саласында бакалавр дәрежесі, сондай-ақ менеджмент саласындағы іскерлік басқару магистрі дәрежесі бар, ҚР техникалык реттеу саласындағы сарапшы-аудитор.

Еңбек жолын М. Өтемісұлы атындағы БҚМУ-да кредиттік технология зертханасының сарапшысы қызметінен бастады.

Әр жылдары:
- «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ БҚФ жетекші маманы;
- «New Consulting» ЖШС-да директордың орынбасары;
- «Ұлттық стандарт сертификаттау орталығы» ЖШС басшылық қызметтерін атқарды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале