9.10.2017, 17:13
Оқылды: 19

«Стандарттар қалаларды ақылды жасайды»  

 

Дүниежүзілік стандарттау күніне орай ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің БҚО бойынша департаменті мен «Қазақстан стандарттау институты» РМК Батыс Қазақстан филиалының қызметкерлері бірігіп дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Бұған қалалық кәсіпкерлік бөлімінің аналитика және баға мониторингі секторының меңгерушісі Мейрам Хайыров, «Орал қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-нің абаттандыру секторының меңгерушісі Роман Жұмиев, облыстық ішкі істер департаментінің ЖПҚ аға инспекторы Миржан Баймұқашев, қалалық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Жанна Сахыпкереева, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Сұңқар Ишмұхамбетов және БАҚ өкілдері қатысты.

Жиынды ашып, жүргізген ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің БҚО бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Жанақын Тығынбаев ең алдымен техникалық реттеу және стандарттау жұмысының маңызына тоқталып, сала мамандарын алда келе жатқан төл мерекелерімен құттықтады.

Бұдан соң сөйлеген «Қазақстан стандарттау институты» РМК Батыс Қазақстан филиалының директоры Айман Удишева  «Smart City» бағыты бойынша ҚР ұлттық стандарттары жөнінде баяндады. Осыдан кейін сала мамандары шығып сөйлеп, әрқайсысы өз жұмысына қатысты жасақталып жатқан «Smart Uralsk» жобасын жиналғандарға таныстырды. Нақтырақ айтсақ, қалалық кәсіпкерлік бөлімінің аналитика және баға мониторингі секторының меңгерушісі Мейрам Хайыров Орал қаласына «Smart Uralsk» жобасын әзірлеу және енгізу бойынша Жол картасын іске асыру туралы әңгімелесе,  «Орал қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-нің абаттандыру секторының меңгерушісі Роман Жұмиев пен облыстық ішкі істер департаментінің ЖПҚ аға инспекторы Миржан Баймұқашев «Қауіпсіз қала. Тіршілікті кешенді қамтамасыз ету жүйесі» тақырыбында баяндады. Жиналғандар, әсіресе, қалалық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Жанна Сахыпкереева ұсынған «Смарт-білім беру» және  облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Сұңқар Ишмұхамбетовтің «Смарт-денcаулық сақтау» жобаларын қызыға тыңдады.

Жиын соңында ұйымдастырушылар стандарттау ісіне және өнім өндіретін нормативтік базаның дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар кәсіпорындарға ризашылықтарын білдіріп,  «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК атынан алғысхаттар табыс етті. Марапатталған мекемелер қатарында «ҚПО б.в.», «Конденсат» АҚ, «Гидромаш-Орион МЖБК» ЖШС бар.

 Айша ӨТЕБӘЛІ,

«Орал өңірі»

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале