2.06.2017, 17:25
Оқылды: 47

Сыра сақтауға арналған бөшкелерді ұрлап келген

Орал қалалық ішкі істер басқармасының қызметкерлері бір емес бірнеше рет ұрлыққа барған екі күдіктіні анықтап, қолға түсірді.


Қаладағы «Нұржанар» акционерлік қоғамынына тиесілі қоймадан арнайы сыра сақтауға арналған бөшкелерді белгісіз біреулер алып кете берсе керек. Әр барған сайын 30 бөшкеден (кег) ұрлаған күдіктілер көп ұзамай тәртіп сақшыларының қолына түсті.

Тексеру жұмыстары барысында олардың 1988 жылғы Орал қаласының тұрғындары екені анықталды. Аталған оқиға бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы (ұрлық) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

 БҚО ІІД баспасөз қызметі

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале