5.06.2017, 18:48
Оқылды: 20

Тебіреніске толы рухани кеш

Бүгін ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілдігінің бастамасымен Казталов ауданы, Жалпақтал ауылдық мешітінің қолдауымен «Қош келдің, қасиетті Рамазан» атты рухани-патриоттық шара болып өтті.

Рухани шараны үлкен әсерімен толықтырған «Ораза» және «Дерт пен дауа» сахналық көріністері заманауи адамдардың келбетін, күнделікті күйбең тірлігімізді айнытпай бейнелеп, иманға шақырып, түйінді ой тастап, кешті одан әрі жандандырды.  Өте әсерлі де шынайы, жүректерді селт еткізген бұл көріністер көпшіліктің көзіне жас алдырды.

Мағыналы да әсерлі өткен шараны ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Тыныштықұлы шын жүректен Тілепберген имамға, ұйымдастырушы, қатысушы Жалпақтал ауылының тұрғындарына шексіз ризашылығын білдіріп, үлкен сахнаға келген бүлдіршіндерге «Ойландыратын, жүректен өткен шара болды, Алла таудай талап берсін,» деп және тәуелсіз мемлекетіміздің туы биіктен ғана көріне берсін деп, ыстық лебізімен түйіндеді, әрі барлық қатысушыларға Құран-кәрім сыйлады.

Нұрлан САМАТҰЛЫ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале