24.06.2019, 16:29
Оқылды: 72

Темекіні тәттіге айырбастады

Орал қалалық мәдениет және демалыс саябағында Халықаралық нашақорлықпен және заңсыз есірткі айналысымен күрес күніне орайластырылған айлық (1 маусым және 1 шілде аралығы) аясында «Жақсы әдеттер марафоны!» атты кең ауқымды акциясы өтті. Шараны БҚО денсаулық сақтау басқармасы, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы және «Жас қанат» ЖҚБ ұйымдастырды.

 jaman adet (1)

Акция барысында саябақта демалушыларға музыкалық бағдарлама ұсынылды, «Зиянды әдеттердің алдын алу» тақырыбында сурет салудан байқаулар, викториналық ойындар өткізілді.

jaman adet (2)

Денсаулық қалашығында білікті жалпы тәжірибе дәрігерлерінен және дәрігер-гинеколог сынды мамандар тегін кеңестер берді. Сондай-ақ тұрғындар артериалды қысым, салмақ пен бой өлшеп, бастапқы медициналық санитарлық көмек ұйымдарына көмекке жүгінген кезде мобильді қосымшаны қолдану және медициналық сақтандыруға қатысты сұрақтарына жауап алды. Жүре пайда болған иммундық тапшылық синдромы ауруына экспресс диагностикасынан өткендер де аз болмады. «Астана» оқу-клиникалық орталығы» ЖШС-ның БҚО-дағы филиалының жедел жәрдем қызметінің нұсқаушылары тұрғындарды адам өміріне қауіпті жағдайларда алғашқы медициналық жәрдем көрсетуге үйретті. Сонымен қатар жаман әдеттердің алдын алу мақсатында муляждар көрсетіліп, темекіні жеміс пен тәттілерге айырбастады.

Гүлнар Шәңгерей,

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале