29.05.2020, 9:35
Оқылды: 91

Теңіз кенішіндегі карантин 12 маусымға дейін созылады

Атырау облысының Теңіз кенішіндегі карантин мерзімі 12 маусымға дейін созылатын болды.

A367E263-AEC3-4424-9F1A-B2D9031911BF

Бұл туралы облыстық бас санитарлық дәрігер Темірбек Мұсағалиевтың қаулысында айтылған. Қаулыға сәйкес Теңіз кенішіндегі карантин 29 мамыр сағат 00:00-ден 12 маусым күнгі түнгі сағат 00:00-ге дейін созылады. Осыған байланысты мұнда көліктің кіріп-шығуын шектеу сақталады. Кен орны аумағында адамдардың кешкі сағат 21:00-ден таңғы сағат 5:00-ге дейінгі аралықта жүруі шектелген. Полиция қызметкерлері карантин шарасының сақталуын қадағалау үшін видеокамерамен қабатаралық, бөлмеаралық қозғалысты бақылайды. Сондай-ақ полицейлер «Оңтүстік Теңіз», «Жаңа Теңіз», «Ватернас», «Мажар қалашығы» секілді вахталық кенттерде карантиннің бұзылмауын қадағалауды жалғастырады.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале