1.10.2019, 16:55
Оқылды: 502

Теректіде 23 шаруашылық асыл тұқымды ірі қара өсіруде

Теректі ауданында 267 ауыл шаруашылық құрылымы жұмыс жасайды. Ауданда 23 шаруашылық асыл тұқымды ірі қара өсіреді. Оның 22-сі етті бағыттағы қазақтың ақбасы, герефорд, ангус тұқымды ірі қара бағып отыр. Бұл жайлы Теректі ауданының әкімі Әділ Жоламанов Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте айтты.

mal (2)

- Малды асылдандыруда «Сыбаға» бағдарламасымен 3 шаруашылық 433 млн.теңге несие алып, «Ringo-Milk» ЖШС 600 бас асыл тұқымды малды шетелден кіргізу қамымен жүр. 711 бас асыл тұқымды төл сатып алынды, соның 178-і етті бағыттағы асыл тұқымды бұқалар, 533-і асыл тұқымды қашарлар.

Ауданда қазіргі таңда 46155 ірі қара, 11 199 жылқы, 64 834 қой-ешкі, 2 661 шошқа бар. Құс саны - 44700 бас. Мал басы төл есебінен де көтерілуде. Биыл 19 155 бұзау, 4358 құлын, 40885 қозы-лақ ілесті.

Мал басы санына сәйкес 217,8 мың гектар жердің шөбі шабылып, 120,8 тонна мал азығы дайындалды,-деді аудан әкімі.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале