30.03.2019, 20:56
Оқылды: 28

Тікұшақ апатында қаза тапқан батысқазақстандық капитан ертең жер қойнына тапсырылады

Қызылорда облысының Жалағаш ауданында апатқа ұшыраған Ми-8 тікұшағында қаза тапқан батысқазақстандық капитан Сырым Мәсәліммен қоштасу рәсімі ертең, 31 наурыз күні Орал қаласының Сарытау шағынауданындағы №50 мектептің ауласында сағат 10:00-де өтеді, деп хабарлайды "Жайық Пресс" ақпарат агенттігі.

20190328213158

Сырым Мәсәлім БҚО-ның Сырым ауданындағы Аралтөбе ауылында 1989 жылы 11 желтоқсанда дүниеге келген. Бала кезден ұшқыш болуды армандаған ол 2007 жылы мектеп бітіргеннен кейін Ақтөбе қаласындағы Т.Бигелдинов атындағы әуе қорғаныс күштері әскери институтына оқуға түскен. Институтты 2011 жылы тәмамдағаннан кейін Ақтау қаласындағы әскери бөлімде қызмет атқарды.

Марқұмның артында жары мен үш жасар ұлы қалды. Ата-анасы Орал қаласында тұрады.

"Жайық Пресс" ақпарат агенттігі

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале