16.03.2019, 20:24
Оқылды: 76

Тоғызқұмалақтан Орал қаласының біріншілігі өтті

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай Орал қаласындағы №1 мектепте тоғызқұмалақтың классика түрінен қалалық біріншілік өтті.

Аталған мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Данияр Орынбасаровтың айтуынша, сайысқа ұлттық спорт түрлері бойынша облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, «Санжар» интеллектуалдық спорт мектебі, қалалық №1, 37 және 42, 49 мектептерден 65 оқушы қатысқан.

IMG-20190316-WA0082

Қалалық біріншілікті «Динамо» дене шынықтыру және спорт қоғамының қолдауымен №1 мектеп ұйымдастырды. Жасөспірімдер тоғызқұмалақты екі топқа бөлініп ойнады. Сайыс нәтижесінде 2008-2009 жылы туған ұлдар арасында Нұрдәулет Ғаллемов («Санжар» мектебі, І орын), Арсен Қылышқожа («Санжар» мектебі, ІІ орын), Әділжан Кенжеғали (№42 мектеп, ІІІ орын), қыздар арасында Айым Қонысова (№1 мектеп, І орын), Альбина Ешмұхан (№1 мектеп, ІІ орын), Жайна Жұматай («Санжар» мектебі, ІІІ орын), ал 2010-2011 жылғы ұлдар арасында Әбдірахман Текебай (№1 мектеп, І орын), Ерасыл Қисметолла (№1 мектеп, ІІ орын), Әли Ержан (№42 мектеп, ІІІ орын), осы топтағы қыздар арасында Гүлнұр Бақыт («Санжар» мектебі, І орын), Аңсаған Жексенғали (№49 мектеп, ІІ орын), Дильназ Сәкен («Санжар» мектебі, ІІІ орын) жүлделі орын алды. Жалпыкомандалық есепте №1 мектеп, «Санжар» интеллектуалдық спорт мектебі және №49 мектеп орын алды.

IMG-20190316-WA0079

– Тоғызқұмалақ – балаларды тапқырлыққа, төзімділікке, терең ойланып, жедел шешім қабылдауға баулитын ұлттық спорт ойыны. Бабаларымыз есепке жүйрік болғанын ойын ережесінің ерекшелігі дәлелдейді. Мектепте балаларды тоғызқұмалақ ойынына үйрететін үйірме бар. Оған 30 шақты бала тұрақты қатысады. Түрлі деңгейдегі жарыстарды орын алып жүрген шәкірттерім де бар. Тоғызқұмалақ ойынына балалардың қызығушылығы жылдан-жылға артып келеді, – деді Данияр Орынбасаров.

Нүркен Ғаппар

zhaikpress.kz

20190316_202033

20190316_202056

20190316_202119

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале