22.03.2020, 11:21
Оқылды: 347

Төтенше жағдайға байланысты жұмыс уақытын шектемеген нысандарға айыппұл салынуда

Елімізде коронавирус індетінің алдын алу мақсатында енгізілген төтенше жағдай шарттарына сәйкес, сауда орындары, түнгі сауық нысандарының жұмыс кестесіне шектеу қойылғаны белгілі. Дегенмен Ақжайық ауданының орталығындағы бірқатар кафелер бұл ақпаратты құлағына да ілмейтін сыңайлы.

kafe

Бұл жайт ауданда құрылған жұмыс тобының түнгі тексеруі барысында анықталды. Атап айтар болсақ, екі кафенің есігі сағат 22.00-ден кейін меймандарына айқара ашық екен. Нысан иелеріне айыппұл салынды.

Еске сала кетейік, төтенше жағдайдың талаптарына сай дүкендер 21.00, сауық орындары 22.00 сағатта жабылуы тиіс.

Ауданда сонымен қатар азық-түлік бағасының орынсыз көтерілуінің алдын алу мақсатында тексерістер ұйымдастырылуда.

Әлия Шарапиева

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале