10.07.2020, 14:40
Оқылды: 114

Төтеншеліктер суға шомылу ережелерін қатаң сақтауға шақырады

Батыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

0E380475-07BA-4492-AD34-3D912B8E11C0

- Жазғы демалыс орындары су айдынында масаң күйде суға шомылу өміріңізге қауіп төндіреді.

Қайықтардан, катерлерден, айлақтардан, сондай-ақ осы мақсаттарға бейімделмеген құрылыстардан суға секіруге болмайды. Өйткені жарақат алуыңыз әбден мүмкін.

Арнайы мамандар тарапынан тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде суға сүңгуге және де жүзу шекарасын көрсететін буйкалардың артына жүзуге болмайтындығын есте ұстаған жөн.

Әсіресе суға шомылу барысында қайықтарға жақындамаңыз. Қауіпті.

Сонымен қатар су айдындарында тазалық пен тәртіпті сақтауда аса маңызды болып табылады. Осы орайда су қоймаларын ластауға және бітеуге, су жағасында және киім ауыстыратын бөлмелерде қоқыс қалдырмаңыз. Сізден кейін де демалушы барын ескеріңіз!

Сонымен бірге ата-аналар су айдындарында балаларды өздігінен қалдырмауы тиіс. Ал суға шомылушы балалар ересектер назарында, яғни бақылауында болғаны абзал, - дейді БҚО ТЖД бастығының орынбасары, подполковник Ақылбек Ахметжанов.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале