30.11.2018, 18:06
Оқылды: 66

Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты шара өтті

Оралдағы Хадиша Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты шара өтті.

 prezident (15)

Мерекелік шара облыс әкімі Алтай Көлгіновтің құттықтау сөзімен ашылды.

- Елбасының жүргізіп отырған қазақстандық даму жолы мен моделі әлемдік белгілі көшбасшылар тарапынан зор қызығушылық туғызуда. Оның жетекшілігімен еліміз ешкімге ұқсамайтын экономикалық даму жолын бастады. Даму қарқыны жағынан ХХІ ғасырдағы озық дамушы мемлекеттердің қатарына қосылды. Нұрсұлтан Назарбаев жас мемлекетті экономикасы орнықты елдердің қатарына қосты. Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгелі бері Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тарапынан жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолында атқарылған жұмыстар зор. 2009 жылдың желтоқсан айында Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың Халықаралық күні ретінде жариялау туралы Қазақстанның бастамасын бірауыздан қолдады. 2016 жылдың сәуір айында Вашингтон қаласында өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі қорытынды саммит кезінде Қазақстан Президенті халықаралық қоғамдастықты ядросыз әлем құруға шақырған өзінің кең көлемді «Әлем. ХХІ ғасыр» Манифесін жария етті. Мемлекет басшысының 2017 жылы сәуір айында шыққан «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы барша қоғамға зор сілкініс әкелді. Таяуда Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы іспетті «Ұлы даланың жеті қыры» атты терең мазмұнды, тағылымы мол мақаласын жариялап, қалың жұртшылықты бір серпілтіп тастады. Тарихымыздың «жеті қырын» атап, тарих тұғырынан бағамдап, қоғамға терең зерделеуге үн қосты. Қазіргі таңда халықаралық аренада еліміз жеткен жетістіктер аз емес. Бүгінгі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған шарамыздың мақсаты - Елбасымыздың төл мемлекетімізді қалыптастырудағы, саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларды сәтті жүргізудегі, сонымен қатар, елімізде бейбітшілік пен келісімді, қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлін талқылау. Баршаңызды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын! Халқымыз бай-қуатты, елін жарқын болашаққа жетелеген Елбасымыз аман болсын! – деді облыс әкімі құттықтау сөзінде.

Алтай Сейдірұлы еліміздің қарыштап дамуына үлес қосып, еселі еңбегімен танылып жүрген жандарға «Астана 20 жыл» мерекелік медалін табыс етті. Марапатқа ие болғандар арасында еңбек ардагарлері, әр түрлі саланың қызметкерлерімен қатар ТДК-42 телеарнасының операторы Манарбек Көшәлиев, «Қазақстан» РТРК» АҚ БҚО филиалының редакторы Мұнайдар Балмолда, «Жайық Пресс» ЖШС директорының орынбасары Ғайсағали Сейтақ секілді жергілікті БАҚ саласының белгілі мамандары да бар.

Салтанатты шара мерекелік концертке ұласты.

prezident (1) prezident (2) prezident (3) prezident (4) prezident (5) prezident (13) prezident (14) prezident (16)

prezident (7) prezident (8) prezident (10) prezident (11) prezident (12)

Нұртас НАБИОЛЛАҰЛЫ,

суреттерді түсірген Александр КУПРИЕНКО

zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале