10.03.2017, 10:14
Оқылды: 46

Түсінік жұмыстары нәтижесінде 43 ата-ана баласын ектіруге келісімін берді

Ekpe  Облысымызда өз баласын ектіруден бас тартқан ата-аналар саны азаймай отыр. БҚО тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің басшысы Жайдар Құрмановтың айтуынша, өткен жылы осындай 160 дерек тіркелген, бұл 2015 жылғыдан 15-ке артық. Олардың 89 пайызы діни наным-сенім негізінде, қалғандары жеке себептер бойынша бас тартқан. Бас тартушылардың 68,6 пайызы Орал қаласының үлесіне тиеді.


    Аталған департамент пен облыстық денсаулық сақтау басқармасы мамандары бірлесіп жүргізген түсінік жұмыстары нәтижесінде 43 ата-ана баласын ектіруге келісімін берді. Қазіргі таңда білікті  мамандардан құрылған арнайы бригада өз жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыруда. Айта кетейік, 2016 жылдың қорытындысы бойынша жұқпалы аурулар бойынша өңірдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты деп бағаланып отыр.

    Оба, тырысқақ, туляремия, сал, күл, сіреспе, қызылша, қызамық, іш сүзегі сынды аурулар тіркелген жоқ. Есесіне созылмалы жұқпалы гепатитпен науқастану алдыңғы жылмен салыстырғанда, 7,9 пайызға, сальмонеллез 2,3, ВИЧ жұқпасы тудырған дерт 41,5, тұмау 1,7 есеге және безгек синдромы геморрагиялық қызбасы 1 жағдайға көбейді.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале