15.06.2020, 16:20
Оқылды: 87

Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ-ны өткізу тәртібін түсіндірді

Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов биылғы ҰБТ-ны өткізу тәртібі жайынды түсінік берді.

UBT

«Карантиндік шектеулерге байланысты елдің барлық аймақтарындағы ҰБТ өткізу орындарында күшейтілген медициналық-санитарлық шаралар енгізіледі. Ғимаратқа кіргізу кезінде тестіленушілердің арасындағы екі метрлік арақашықтықты қатаң сақтау арқылы маскалы режим жүзеге асырылады. Әр тестіленуші 5 бақылау кезеңінен өтетін болады, оның ішінде сыртқы киімді дезинфекциялық ерітінділермен залалсыздандыратын арнайы дәліз арқылы өту ескерілген», - деді Д.Смағұлов Орталық комуникациялар қызметінде. Сонымен қатар ол талапкер аяқ киімін де дезинфекциялайтынын, одан кейін қолын санитайзермен сүртетінін жеткізді.

«Келесі кезеңде тестіленуші термобақылаудан өтуі тиіс. Егер дене қызуы анықталған жағдайда, оған кезекші медициналық қызметкерлер бригадасы дереу көмек көрсетеді. Одан кейінгі әркеттер тек мамандардың берілген талаптарына сай орындалады», - деді орталық директоры. Барлық медициналық-санитарлық кезеңдерден өткеннен кейін, тестіленуге респираторлық немесе бір рет қолданылатын маскалар ұсынылады. «Бір рет пайдаланылатын маскаларды тестілеу барысында ауыстыруға мүмкіндік қарастырылған. Тестіленуші сәйкестендіруден өтеді, тексеруші мен тестіленуші арасындағы арақашықтық сақталады. Әр қабаттағы дәліздерде санитайзерлер орнатылады. Аудиторияда тестіленушілерді отырғызу кемінде екі метр арақашықты сақтау арқылы жүзеге асырылады. Бұл ретте аудитория үнемі желдетіледі», - деді Дидар Смағұлов.

Ұлттық бірыңғай тестілеу 20 маусым мен 5 шілде аралығында өтеді.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале