19.04.2017, 18:47
Оқылды: 25

Ұлы Жеңіске арналды

Батыс Инновациялық технологиялық университеті педагогика факультетінің ұжымы және «Батыс Қазақстан облысы Іскер әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына арналған «Отты жылдар қаһармандары» атты естелік кітабының тұсаукесер шарасы өтті.

Оған соғыс жане еңбек ардагерлері, тарихшы ғалымдар және студенттер қатысты. Аталған кітап - ерлі-зайыпты тарихшылар, ғалымдар  Т.Рысбеков пен Баян Шынтемірованың, олардың қыздары Салтанаттың отбасылық, ұжымдық еңбегі.

Кітапта сұрапыл соғыс жылдарындағы Батыс Қазақстан облысы тұрғындарының майдан мен тылдағы қаһармандық ерлігі мен жанқиярлық еңбегі баяндалған.

Шарада жастар ән салды, жыр шумақтарын оқыды.Ұлы Отан соғысының ардагерлері Қалам Сүйіншәлиев және Иван Гапич жаңа кітаптың тұсаукесерін жасады және көрсетілген құрмет үшін университет ұжымына алғыс айтты.

Серік Ихсанғали

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале