9.05.2020, 0:53
Оқылды: 284

«Ұлы Жеңіске - ұлы үлес» атты оқушылар арасында сурет салудан байқау өтті

Орал қалалық білім беру бөлімі ұйымдастырған «Ұлы Жеңіске - ұлы үлес» тақырыбындағы қашықтық сурет байқауына қала мектептерінің 3-8 сынып оқушылары қатысты.

3EC218F4-CC1F-43AD-A981-1A3A9EB722B8

 Бұл байқаудың ерекшелігі оқушылар суретті компьютерлік Paint бағдарламасында орындады.

809EE384-DFEF-4890-B447-6E9D98CCB7E2

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, 120 оқушының жұмысы түскен. Қазылар алқасының шешімімен жас ерекшеліктеріне байланысты жас суретшілердің жұмыстары сараланып, жеңімпаздар анықталды. Атап айтқанда, 3-4  сынып оқушылары арасында №47 орта мектептің оқушысы Р.Өтеген, 5-6 сыныптар арасында  Круглоозерный мектебінің оқушысы А.Победимова, 7-8 сыныптар арасында  №50 орта мектеп оқушысы Ә.Құспанның шығармашылық жұмыстары үздік деп танылды.

B4E9D119-CEEA-4B0E-BA88-903B18C68AFE

БҚО білім басқармасы баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале