13.11.2019, 17:03
Оқылды: 107

Волонтерлік бастамаларды дамыту жайы талқыланды

Оралда «Волонтерлік бастамаларды дамыту үшін шағын гранттар бағдарламасын іске асыру» жобасы аясында брифинг өтті. Жоба бірыңғай волонтерлер қозғалысы мен алаңдарды ұйымдастыру арқылы жастардың волонтерлік қызметке белсенді қатысуын ынталандыру мақсатын көздейді.

eriktiler 2019

Жоба Қазақстандағы Волонтер жылы қарсаңында Батыс Қазақстан облысындағы Волонтерлікті қолдау орталығы «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ-мен бірлесіп, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен іске асуда.

Брифинг барысында аталмыш жобаның тұсаукесері өтіп, волонтерлер рөлін күшейтуге бағытталған қызықты жобалар таныстырылды.

Волонтерлік корпус жобасы Қазақстанның барлық өңірлерінде жүйелі және үйлесімді өзара іс-қимыл жасау үшін волонтерлік ағындарды дамыту және басқару бойынша волонтерлік ұйымдар қатарынан бірыңғай Үйлестіру орталығын құруға бағытталған. Волонтерлерді қолдау орталықтары әр өңірде брифингтер, бейресми кездесулер өткізеді, зерттеулер, челлендждер, медиа-сыныптар, іс-шаралар, волонтерлер үшін конкурстар өткізеді.

Жобаның нәтижесінде «Студенттік бастама» жалпыреспубликалық волонтерлік қозғалысы ұйымдастырылып, өңірлеріндегі әлеуметтік бастамаларды қолдауға бағыттылған "VоБлаго" (Игілік үшін) волонтерлік корпусын құрылмақ. Бұл волонтерлік қызметті дамытуда жүйелі қадамдар болады дейді брифинг спикерлері.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале