6.08.2020, 17:58
Оқылды: 143

Зашаған кентіндегі жол сапасы тексерілді

Бүгін Орал қаласына қарасты Зашаған кентінде «Сапалы жол  - Адалдық алаңы» жобасы негізінде "Ұлттық жол активтері сапасы орталығы" РМК облыстық филиалы мен "Ақжайық - адалдық алаңы" кеңсесі мамандарынан құрылған арнайы мониторингтік топ мүшелері рейд жұмыстарын жүргізді.

627D10D2-EB10-4673-B77E-67EA1D7F456C

Топ құрамында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаменті, «Ақжайық - адалдық алаңы» кеңсесінің өкілдері, қоғам белсенділері болды.

Мониторинг жұмыстарын жүргізген рейдке Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Тимуржан Шәкімов қатысты.

- Биыл БҚО-да жол құрылыстарын салуға республикалық бюджеттен қомақты қаражат бөлінген болатын. Өкінішке орай, біздің облыста жолдардың сапасы сын көтермейді. Мысалы, өткен жылы салынған жол келесі жылы пайдалануға жарамсыз боп қалады.

Облыста жол құрылысына тапсырыс беруші – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары бөлімі.

Жол құрылысын жүргізу жұмыстарына орай жобалаушыларды бақылау керек. Жобаны әзірлеу кезеңінен бастап оны мемлекеттік сараптамаға тапсырғанға дейінгі жұмыстар назарда болуы тиіс. Содан кейін объектілерде құрылыс-монтаждау жұмыстарын және табиғи техникалық қадағалауды орындайтын мердігерді де бақылауға алу қажет. Шыны керек, қызметкерлерді техникалық қадағалау объектілерде іс жүзінде жүргізілмейді. Инженерлік қызмет көрсетудің өзіндік ережелері бар, - дейді өңір басшысының орынбасары Тимуржан Шәкімов.

- Жол құрылыстарын жүргізуде "Ұлттық жол активтері сапасы орталығы" РМК -ның алатын орны ерекше. Зашаған кентіндегі Қ.Жұмалиев көшесінде бұған дейін анықтағанымыздай, жол құрылымының қосымша төселетін негізіндегі қиыршықтастардың қоспасында байқағанымыздай, еністері тегіс болған жоқ. Суағарлар мүлдем қарастырылмаған болып шықты. Сонымен қатар жол еністері жоба талаптарына сәйкес келмеді. Мердігерлерге жаяу жүргіншілер жолына да байланысты сұрақтар туындады. Авторлық жоба жасақтаған өкілдерге де сауалдар жолданды. Мердігерлер тарапынан жобаны дұрыс таныстырмағандықтан ақаулықтар кеткендігі расталды.

AA1983B8-A66B-4958-A086-D5BAC2AB50FC

Қазіргі таңда электр шамдарының жол ортасында орналасқандығы анықталып отыр. Бұл жекелеген тұрғын үйлердің иелері орнаттырып алған бағаналар болып шықты, - дейді "Ұлттық жол активтері сапасы орталығы" РМК  БҚОФ бойынша инженері Заурбек Қыпшақбаев.

- Жалпы биыл Орал қаласы бойынша 41 жобамыз бар. Жоба 55 көшені қамтиды. Бөлінген қаражат 9,3 млрд. теңге. Бүгінде 8 март, Елизарова, Ашхабадский, Коняхин, Оренбургский көшелерінің жұмыстары аяқталды. Қыркүйек айының соңына дейін 8 көшеде жұмыстар аяқталады. Аталған жобалардың барлығы да ағымдағы жылы жүзеге асады, - дейді Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Аслан Даубаев.

Шара барысында облыс әкімінің орынбасары Т.Шәкімов Зашаған кентінің тұрғындарының талап-тілектерін тыңдап, мекеме басшыларына тиісінше тапсырмалар жүктеді.

Ертай Бимұханов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале