11.02.2019, 18:54
Оқылды: 50

«Жайық Пресс» ақпарат орталығы ақпарат агенттігі болып тіркелді

«Жайық Пресс» ақпарат орталығы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне «Жайық Пресс» ақпарат агенттігі болып тіркелді. Аталмыш министрлікке қарасты ақпарат комитетінің №17490-ИА куәлігі берілді.

жайык пресс агенттігі«Жайық Пресс» ақпарат орталығы 2012 жылы наурыз айынан бастап жұмыс жасай бастады. Бұл оқырманның интернет кеңістігіне бет бұра бастаған кезі еді. Ақпарат орталығы дәл сол уақыттың талабымен құрылған болатын.

Орталықтың алғашқы басшысы болып бүгінде зейнетке шыққан журналист Қалиолла Қарағойшин, кейін Бағдат Ізмағамбет әріптесіміз қызмет етті.  Ақпарат агенттігіне айналған бөлімде қазір үш тілші, видеооператор жұмыс жасауда.

Ақпарат орталығының zhaikpress.kz сайты бірнеше рет толықтай жаңарды. Бұл сайттың өңірдегі басқа сайттардан ерекшелігі – тек облыс орталығы емес, күн сайын 12 ауданның да жаңалықтарын жариялайды.

Бүгінде сайттан фоторепортаждарды да, интернет редакция әзірлеген видеоларды да тамашалауға мүмкіндік бар. Сайттың басты бетінен ең көп оқылған мақалалар көрініп тұрады.

Биыл ашылған «Суреттер сөйлейді», «Көнерген сөздер», «Статистика» бөлімдеріндегі ақпараттар да оқырман үшін қызықты болары сөзсіз. Халық пен атқарушы биліктің арасын жалғап жүрген Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттарына да сайттан арнайы орын берілді. «Мұрағаттағы» күнтізбеден ақпараттар жарияланған күні бойынша оңай табылады. Жаңалықтарға, облыстық газеттерге жазылу функциясы да жұмыс жасайды. Сондай-ақ cайттың смартфондарға арналған қосымшасын Play Market пен App Store-ден жүктеп алуға болады. Барлық әлеуметтік желідегі парақшалары да тұрақты жаңартылады.

Қазақ және орыс тілдерінде тәулік бойы ақпарат тарататын еліміздің батыс аймағындағы алғашқы ақпарат агенттігінің жаңа белесімен құттықтаймыз.

Нұрлыбек Рахманов,

«Жайық Пресс» ақпарат агенттігінің жетекшісі

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram, Facebook-тегі парақшаларымыз бен Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале