24.07.2017, 12:36
Оқылды: 60

Жайықты сақтау-елді және бауырлас халықтардың достығын сақтау (ФОТО)

 Ural Jayik 12 Дәстүрлі ХХІ тарихи-мәдени, экологиялық "Жайық-Урал" экспедициясы көршілес Ресей федерациясы, Орынбор облысы, Елек ауданына келіп тоқтады. Дәл осы жерде Орынбор облысының губернаторы Юрий Берг пен Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов бастаған қос елдің делегациясы кездесіп, Жайық күнін атап өтуге байланысты қанатқақты жобаға арналған концертті тамашалады. Облыс әкімі Алтай Көлгінов бұл кездесудің маңыздылығын атап өтті.


   - Өткен жылы екі мемлекет басшысының кездесуімен траншекаралық өзендердің экожүйесін сақтау жөнінде келісім-шартқа қол қойылған болатын. Сондықтан да бүгінгі кездесудің маңызы зор. Біз бұл жерге тек мерекеге емес, маңызды мәселелерді талқылау үшін келдік. Жайық өзенін тазалау, қоқыс тастамау, табиғатты сақтау, экологияны қорғау, осы істерге жастарды жұмылдыру жөнінде біраз мәселені талқыладық. Осының бәрі келісім-шартта  қарастырылған. Біздің өңірде су мәселесі өте маңызды. Сонымен қатар, мемлекет басшылары қойған міндет-екі елдің достығын нығайту бағытында өткізілетін мәдени, спорттық шаралар, экономикалық қарым-қатынас туралы мәселелерге де тоқталдық, -деді облыс басшысы Алтай Сейдірұлы БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Ural Jayik 10

     Орынбор облысының  губернаторы Юрий Берг бұл күнді тарихи күн деп атап, Жайық күні мерекесі қос елдің достығын одан әрі нығайтып, өскелең ұрпаққа үлгі болатын шара болатындығына сенім білдірді.

Ural Jayik 01

    Бұдан әрі мерекелік шара "Жайықты сақтау-елді және бауырлас халықтардың достығын сақтау" атты конференцияға ұласты. Конференция жұмысына қос облыстан 300-ге тарта адам қатысты.  Олар Жайық өзенінің экожүйесін жақсартуға байланысты жүргізіліп жатқан шараларға тоқталып, шешімі табуы тиіс бірқатар мәселелерді атап өтті. Жайық өзеніндегі құрғақшылық, жер асты сулары деңгейінің төмендеуі, өзеннің қайраңдануы және өзен аңғарының балдыр-батпақпен ластануы -Жайық өзенінің негізгі мәселелері. Сондай -ақ конференцияда Жайық өзені бассейнінде орналасқан өндіріс ошақтарының түрлі қалдықтармен суды бүлдіріп жатқаны, өзен жағасындағы орман-тоғайлардың сиреуі, балық қорының мейлінше  азайғаны да айтылды.

Jayik ozeni 01

Jayik ozeni 02

Ural Jayik 04

Ural Jayik 08

Jayik ozeni 03

Ural Jayik 11

Jayik ozeni 05

   Аталған мәселелерді шешудің маңыздылығына тоқталған баяндамашылар  өңіраралық жаңа мереке -Жайық күнін атап өту қыркүйек айының соңғы жексенбісі болса, осы бағытта Жайық өзеніне байланысты барлық іс-шаралар аталмыш мереке аясында өткізілсе, деген ұсыныстарын білдірді.

Гүлжамал ЖОЛДЫҒАЛИ

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале