27.06.2018, 19:43
Оқылды: 134

"Жалындаған Жайық-жыр" республикалық айтысында бас жүлдені Мұрадым Мирланов жеңіп алды (ФОТО)

Орал қаласында кешеден бері Ақ Жайық айтысының 60 жылдығына арналған шаралар өтуде.  Бүгін "Жалындаған Жайық-жыр" республикалық ақындар айтысы өтті. Айтысқа Астана қаласынан, Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарынан 20 ақын қатысты.


 

Ақ Жайық айтысының 60 жылдығына байланысты өткен "Жалындаған Жайық-жыр" республикалық айтысында бас жүлдені (500 мың теңге) жəнібектік Мұрадым Мирланов жеңіп алды. Бірінші орынға (350 мың) бөкейордалық Жансая Мусина ие болды. Екінші тұғырдан (200 мың) ақжайықтық Мейірман Шəкенов пен қызылордалық Жібек Шахмарданқызы көрінді. Кейінгі жүлдені оралдық Орынбек Меңдіқұлов пен маңғыстаулық Арғынбек Қалбаев алды. Айтыс жайлы толығырақ мақаланы "Орал өңірі" газетінен оқи аласыздар.

Нұртай Текебаев

Сурет - Темірболат Тоқмамбетов

zhaikpress.kz

aytys (6)

aytys (4)

aytys (2)

afa5df50-5767-4afb-9b80-6379dd2a9ce9

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале