11.10.2017, 20:40
Оқылды: 19

Жапондық компаниямен келісімге қол қойылды

Бүгін облыс әкімі А.Көлгінов «Tokyo Rope Almaty» компаниясының өкілдерімен кездесті.

Жапон елінің габионды бөгет жасайтын компаниясы әлем нарығында 130 жылдан астам уақыт бойына белгілі. Өнімдерінің жоғары сапасымен ерекшеленетін өнеркәсіп былтырдан бастап Алматы қаласында да жұмысын бастады. Елбасының тікелей тапсырмасымен ашылған зауыттың жылдық қуаты – 5000 тонна. Әзірге тек Алматы қаласы үшін өнім дайындап отырған орын еліміздің өзге аймақтарына да шығуды көздейді. Осы мақсатта биыл жылдық қуаты 17 мың тонна болатын екінші зауыттың құрылысын бастаған.

Батыс Қазақстан облысы өкілдерімен кездескен компания басшылығы алдымен ұсынатын өнімдерін таныстырды. Айта кету керек, жоғары сапалылығымен танымал габионды тор бөгеттері экологиялық жағынан таза әрі беріктігі де жоғары. Осы орайда, облыс орталығының өзінде 3 өзен ағып жатқанын тілге тиек еткен облыс әкімі А.Көлгінов аталмыш бөгеттердің өңір үшін аса қажеттілігін атап көрсетті, сондай-ақ кездесуге қатысқан облыстың құрылыс саласы мамандарының пікірін тыңдады.

Өз кезегінде жапондық компания өкілдері габионы тор бөгеттеріне 50 жылға дейін кепілдік беретіндіктерін айтты.

Кездесу соңында екі тарап ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Сондай-ақ «Tokyo Rope Almaty» өкілдері болашақта жергілікті мамандарды компания есебінен Жапония еліндегі зауытта оқыту курстарына жіберуге мүмкіндіктері бар екендігін жеткізді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале