3.10.2018, 18:27
Оқылды: 65

Жастар қайырымдылық жасады

Орал қаласында өткен IV қайырылымдық гранд балының қонақтары - танымал әншілер Рүстем Жүгінісов пен Ұшқын Жамалбек жасотандықтарымен бірге «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында қаланың ардагерлері Қабира Абаткалиева, Петр Борисович, Галина Ефимовнаның үйіне барып, мерекемен құттықтады. Үй іші мен ауланы жинауға көмектесті.

TXVLmnffJ9o

Қайырымдылық айында «Жас Отан» Жастар қанатының БҚО филиалы және «Ақ Отау» қоғамдық бірлестігімен шаһарымыздағы қарияларға арнап «Күзгі вальс» мәдени шарасын ұйымдастырды.

 Би кеші барысында әскери үрмелі аспаптар оркесторы өнер көрсетіп, белсенді қатысқан ардагерлерге жасотандықтар арнайы сыйлықтар табыстады.

Азамат МАҒЗОМ,

«Жас Отан» ЖҚ БҚО менеджері

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

jas otan 2 (1) jas otan 2 (3) jasotan (6) jasotan (7) jasotan (10)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале