29.08.2018, 18:44
Оқылды: 101

"Жастар - Отанға!" облыстық лагері басталды

Облыстық "Жас отан" ЖҚ ұйымдастыруымен "Еуразия" туристік орталығында "Жастар - Отанға!" атты жастар лагері басталды.
jastar
Алдымен жастар облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспақұлов, танымал саясаткер Дос Көшім және облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысы Аян Сакошевпен кездесіп, мемлекеттік бағдарламаларға байланысты сауалдарын қойды.
- Мен Likemart.kz ЖШС-ның негізін қалаушымын. Біз Likemart.kz және Biliktilik.kz сайттарын жасақтадық. Мәскеуде өткен "Бизнес Молодость" жобасына қатысып, өз идеямызды ұсынып, бірінші орынды жеңіп алғанбыз. Жобада ТМД елдерінен қатысушылар көп болды. "Likemart.kz” жобасында азық-түлікті тұтынушының үйіне дейін жеткізуді ұсындық. Яғни дүкенге өздері келе алмайтын жандар біздің көмегімізге жүгіне алады. Ал "Biliktilik.kz” жобасы бойынша оқушылар мен студенттерге үй тапсырмасын орындауға көмектесеміз. Бүгін өз қаламызда осында ірі жобалар сайысын ұйымдастыруды ұсындым,- дейді Хан Әзілxанов.
Кездесуден соң лагерьдің ашылу салтанаты өтіп, Аян Қажемирұлы жастарды құттықтап, ізгі ниетін білдірді. Лагерь төрт күнге созылып, мәдени-танымдық шаралар ұйымдастырылмақ.
Айымгүл ТӨЛЕУҒАЛИ,
zhaikpress.kz
zhastar
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале