5.06.2018, 21:37
Оқылды: 25

"Жер алдымен мұқтаж жандарға берілуі тиіс"

IMG_20180605_213501Облыс әкімі Алтай Көлгінов тікелей эфирде жер телімдерін беру, тұрғын үй құрылысы жұмыстары туралы сауалдарға жауап берді.

-Жер телімі бойынша жылдар бойы жиналған кезек бар. Ең соңғы рет 2011 жылы бердік. Сол кезде қазіргі "Сарыарқа", "Көкжиек" аудандарында инженерлік желі тартылмаған еді. Біз бар күшімізді соған жұмсадық. Су, жарық, жол, мектеп, балабақша, емханалар салынды. Яғни инфрақұрылымы дайын болмай, жерді бере алмаймыз. Ол - бірінші мәселе.

Сонымен қатар қазір жер кезегіне жері бар азаматтар да тіркеле берген. Әрине, заңда азаматтарға белгіленген жер бар. Оған шүбә келтірмейміз. Алайда бірінші мұқтаж жандарға беруіміз қажет.

Біз осы мақсатта "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында 200 га жерді тиімді пайдалана алмаған шаруалардан қайтардық. Енді сол жерлерге инженерлік желі тарта бастаймыз. Содан кейін жер беріледі.

Сонымен қатар осы мәселені тездету мақсатында "7-20-25" бағдарламасы аясында биыл қалада 21 көп қабатты үй саламыз. Аудандарда 88 үй салынады. Бұл жұмыстар жыл сайын қарқынды жалғаса беретін болады,- деді ол.

Айдана Хамидуллина

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале