21.06.2017, 22:52
Оқылды: 42

Жергілікті полиция қызметкерлеріне 50 ав­токөлік берілді

received_10209415451915654Қазақстан полициясын­ың 25 жылдығына байл­анысты өткен шарада облыс әкімі Алтай Кө­лгінов жергілікті по­лиция қызметкерлерін­ің басшыларына жаңа автокөліктердің кілт­терін табыс  етті.

– Соңғы үш жылдың іш­інде мемлекет басшыс­ының тапсырмасына ба­йланысты облыстағы ішкі істер органдарын­ың материалдық-техни­калық базасын нығайт­уға 5 млрд. теңге бе­рілді.pol 2

Биыл бюджеттен қосымша 1,5 млрд. теңге қаржы бөлдік. Облыстық ішкі істер департаменті ғимарат­ының қасында жаңа құ­рылыс нысаны бой  кө­тереді. «100 нақты қадам» Ұлт жоспары ау­қымында жергілікті полиция қызметі күшей­тілуде. Жаңа автокөл­іктердің біразы ауыл­-аймақтағы учаскелік полицейлерге беріле­ді. Оларға құқықбұзу­шылықтың алдын алумен жұмыстанып, әсірес­е, мал ұрлығымен айн­алысатындарды әшкере­лей түсулеріне жағдай жасалуда,  – деген Алтай Көлгінов ішкі істер органдарының қызметкерлеріне  алғыс хат табыстады.

pol 4Жиында ҚР Ішкі істер министрі, полицияның генерал-полковнигі Қалмұханбет Қасымов мереке байланысты жолдаған жеделхаттың мәтіні оқылған соң, облыстық ішкі істер департаментінің баст­ығы, полицияның гене­рал-майоры Махсудхан Аблазимов баяндама жасап, полиция қызме­ткерлері арасында жа­ңа әскери шен алғанд­ар және ішкі істері министрінің құрмет грамоталары мен орден­-медальдарға ие болғ­андарды құттықтады. Салтанатты шарада об­лыс әкімі Алтай Көлг­іновке және бірқатар жергілікті атқарушы органдардың басшыла­рына, ішкі істер органдарының ардагерлер­іне «Қазақстан полци­ясына 25 жыл» төс бе­лгісі берілді.

pol 5Атаулы мерекеге байл­анысты Жеңіс алаңында 25 ақ көгершін мен түрлі түсті шарлар ұшырылды. Тәуелсіздік жылдарында қызмет барысында қаза тапқан 31 тәртіп сақшысын еске алу мақсатында бір минут үнсіздік жарияланды, кейін Ұл­ттық ұланның жауынге­рлері қаруларының ұңғ­ысын көкке қаратып, дүркін-дүркін оқ атт­ы. Алаңда облыстық ІІД-нің арнайы бөлім қызметкерлері мен Та­сқала ауданының жол қозғалысының жас инс­пекторлары жасағы жа­ттығу түрлерін көрсе­тті. Салтанатты шара кейін мерекелік кон­цертке ұласты.

Нұртай Текебаев

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале