8.05.2019, 18:00
Оқылды: 24

Жүк көліктері жіті назарда

Ауыр жүк көліктерінің салмақтық көрсеткіштерді асыру арқылы жүк тасымалдауына тасжол жабындысын бұзып, заңбұзушылықтарға жол беруіне тосқауыл қою мақсатында БҚО бойынша көліктік бақылау инспекциясы іс-шара өткізді.

1

         Шара аясында көліктік бақылау инспекциясы жылжымалы көліктік бақылау бекеттерінің қызметкерлері тасжол бойында жүк көліктерін тоқтатып, тасымалдаушыларға заңнамалық кеңес берді және қаладағы халық көп шоғырланатын қоғамдық орындарға хабарламалар ілініп, жадынамалар таратылды.

         Облыстық көліктік бақылау инспекциясының бас маманы Жасұлан Жұмашевтің айтуынша, ауыр жүк көліктері иелерінің жүк салмағына қойылатын талаптарды сақтауын бақылауды күшейту мақсатында 2019 жылға арналған арнайы жол картасы жасақталған. Осы жол картасының аясында БҚО жергілікті полиция басқармасының қызметкерлері тұрақты негізде рейдтік іс-шаралар өткізіп тұрады.

         «Соңғы рейд барысында 26 заңбұзушылық анықталып, 3 млн. теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды. Бүгінгі күні 1 млн. теңгеден астам қаражат өндіріп алынды. Облыс тұрғындарының шараға белсенді қатысуларын сұраймыз. Егер сіз өз тарапыңыздан автокөлік саласындағы заңнама талаптарының бұзылуына куә болсаңыз, аталған деректерді растайтын фото немесе бейнематериалдарыңызды ҚР ИИДМ Көлік комитеті Ахуалдық орталығының WhatsApp, Telegram әлеуметтік желілеріндегі 8-708-088-08-00 нөміріне жолдасаңыз болады»,  – дейді Жасұлан Жұмашев.

Аяужан Кереева,

zhaikpress.kz

77b74a91-3655-44d3-8309-fbbd2b7388f9 222

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале