23.01.2020, 17:38
Оқылды: 39

Жыл басынан бері 25 мың көп балалы отбасы жаңа АӘК рәсімдеді

Қазақстанда көп балалы отбасыларға арналған жәрдемақының жаңа түрін жыл басынан бері 25,4 мың отбасы рәсімдеп үлгерді. Оның ішінде 11,8 мыңнан астам отбасы жәрдемақыны алғаш рет рәсімдесе, 13,7 мыңы қайта есептеуге құжат өткізген.

con1 (2)

-«Көп балалы отбасылар халыққа қызмет көрсету орталығына жеке төлқұжаттарымен келіп тиісті жәрдемақыны рәсімдей алады. Ал осыған дейін жәрдемақы алған отбасылар жаңа жәрдемақы түрін алушылар тізімінде бар жоғын 1411 call-орталығына қоңырау шалып немесе ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www.enbek.gov.kz сайты арқылы да тексере алады», - дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева.

 1 қаңтардан бастап 368,9 мың отбасыға мемлекеттік жәрдемақы тағайындалған. Оның 246 мыңы бұған дейін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алған.

Аймақтық бөліністе жыл басынан бері жәрдемақының рәсімделуіне Түркістан облысында көп өтініш қабылданған. Одан кейін Алматы облысы мен Шымкент қаласының тұрғындары тұр.

Еске сала кетейік, 2020 жылдан бастап төленетін мемлекеттік жәрдемақы 4 баласы барларға – 42 496 теңге, 5 балаға – 53 127 теңге, 6 балаға – 63 757 теңге, 7 және одан көп балаға – 74 388 теңге.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале