13.11.2020, 12:27
Оқылды: 2460

«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығы үшін

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасы бойынша «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығы тағайындалды. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Волонтер жылын шеңберінде «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын тағайындауға арналған байқау өткізеді. Халықаралық сыйлық әлеуметтік және қоғамдық салада жауапты міндет атқарған, мәселелерді шешуге үлес қосқан волонтерлер мен волонтерлер тобын, отандық және халықаралық волонтерлік ұйымдарды көтермелеуге бағытталған.

 бірге

Байқауға үміткерлер әлемнің түкпір-түкпірінен қатыса алады. Ол үшін qazvolunteer.kz интернет-платформасында өтінім беріп, волонтерлік қызметі туралы деректерді толтыру қажет. Өтінімдерді қабылдау 2020 жылғы 26 қазан сағат 09.00-ден басталады және 2020 жылғы 15 қараша сағат 09.00-ге дейін жалғасады. Байқаудың бірінші кезеңінде qazvolunteer.kz интернет-платформасында ашық онлайн-дауыс беріледі. Екінші кезеңге өткен және ең көп дауыс жинаған қатысушыларды конкурс комиссиясы бағалайды.

Халықаралық сыйлықты тағайындау үшін «Үздік волонтерлік ұйым», «Корпоративтік волонтерлік көшбасшысы», «Коронавирустық инфекциямен күреске қатысқаны үшін», «Тұрақты даму мақсаттарының көшбасшылары», «Үздік әлеуметтік көмекші», «Төтенше жағдайларды жоюға белсенді қатысқаны үшін», «Хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздеуге белсенді қатысқаны үшін», «Құқық бұзушылық құрбандарына көмек көрсетуге белсенді қатысқаны үшін», «Денсаулық сақтауды дамытуға белсенді қатысқаны үшін», «Салауатты өмір салтын насихаттауға белсенді қатысқаны үшін», «Білімді дәріптеуге қосқан үлесі үшін», «Қоршаған ортаны сақтауға және қорғауға қосқан үлесі үшін», «Бейбітшілікті, достық пен келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін», «Тарихи-мәдени мұраны сақтауға және дамытуға қосқан үлесі үшін», «Зоологиялық қорғау мәселелерін шешуге қосқан үлесі үшін», «Әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесі үшін» аталымдары бекітілді. Әр аталым бойынша үш үміткер жеңімпаз анықталады. «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын беру қағидалары ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурстарында орналастырылған. Конкурстың шарттарымен https://www.gov.kz/memleket/entities/qogam/documents/details/77386?lang=kk  сілтемесі бойынша толық танысуға болады:

 

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале