19.02.2020, 10:37
Оқылды: 6

Ақпараттық-насихат штабы полиция ұжымымен кездесті

2020 жылдың 18 ақпан күні «Ақжайық-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мен ақпараттық-насихат штаб мүшелері Орал қалалық полиция басқармасы, Абай мен Зачаган полиция бөлімдерінің жеке құрамымен кездесу өткізді.

adaldyk alany (2)

Іс-шараға Департаменттің превенция және парасаттылық басқармасының аға офицері Н.Ихсангалиев, «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі басшысының орныбасары О.Насимуллин, ақпараттық-насихат штаб мүшесі Ө.Куспанов қатысты. Кездесу барысында О.Насимуллин «Ақжайық-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жұмысының негізгі бағыттарын түсіндірді. Облыстық штабтың мүшесі Ө.Құспанов қатысушыларды облыстық Штабтың жұмысымен таныстырып, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылықты қалыптастыруға бағытталған шараларға белсенді түрде қатысуға шақырды.

adaldyk alany (1)

 

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале