26.02.2020, 10:38
Оқылды: 31

БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы интернет-конференция өткізеді

akmyrza

 28 ақпан күні сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінде интернет-конференция өтеді. Интернет-конференция «Facebook» әлеуметтік желісінің «Anticorruption ZKO» парақшасында өткізілетін болады.

 Департамент келесі негізгі бағыттарды жүзеге асырады: қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру; сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарын туғызатын жағдайлар мен қатерлерді анықтау және зерттеу;құқықбұзушылықтарды анықтау, алдын-алу, ашу және тергеу.

Келесі жобалар жүзеге асырылуда: «AQJAIYQ – ADALDYQ ALANY» – азаматтарға қолайлы жағдай жасау және тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою; «PROTECTING BUSINESS AND INVESTMENTS» – кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтарын қорғау және бизнеске заңсыз араласу фактілерінің алдын алу; «SANALY URPAQ», «ADAL URPAQ» – білім саласында сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік пен парасаттылық атмосферасын қалыптастыру және т.б. Пайдаланушылардың сұрақтарына департамент басшысы Рустам Сапарбекұлы Ақмырзаев жауап береді. Өздеріңізді қызықтырған сұрақтарыңызды комментарий ретінде қалдыра аласыздар.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале