13.01.2020, 18:38
Оқылды: 65

БҚО-да ҰБТ-ны қоғам өкілдері қадағалайды

2020 жылдың 16-19 қаңтары аралығында БҚО-да Ұлттық бірыңғай тестілеу өтпек.

ubt

Емтихан барысында ашықтық пен айқындылықты, адалдықты қамтамасыз ету мақсатында бақылаушылар ретінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) жанындағы облыстың арнайы мониторингтік тобының мүшелері және «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджерлері, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлері қатысады.

Тестілеу 4 күн ішінде Орал қаласындағы М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да, сондай-ақ облыстың Жаңақала, Жәнібек, Казталов, Қаратөбе және Сырым аудандарында өтеді.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале