22.06.2020, 21:22
Оқылды: 46

БҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мемлекеттік сатып алулардағы сыбайлас жемқорлық белгілеріне мониторинг жүргізу әдістемесін ұсынды

 Мемлекеттік сатып алу саласы сыбайлас жемқорлыққа анағұрлым бейім сала екені белгілі. Бұл орайда сатып алу барысын қадағалауда құзырлы органдармен қатар қоғам өкілдерінің жіті бақылауы жемқорлық әрекеттеріне тосқауыл бола алады.

A3480C50-338B-426D-B55D-58F89A811FE6

Осыған байланысты біз «Мемлекеттік сатып алу порталы», «Сатып алудың бірыңғай терезесі» ақпараттық талдау жүйелері арқылы мемлекеттік сатып алу саласында мониторинг жүргізудің әдістемелік нұсқаулығын дайындадық.

Аталған нұсқаулықты Агенттік қызметкерлерімен қоса, қоғам өкілдері де мемлекеттік сатып алу саласындағы жемқорлық тәуекелдеріне мониторинг жүргізуге оңай әрі қолданбалы әдістеме ретінде пайдалана алады.

Сондықтан біз азаматтарды «Мемлекеттік сатып алуды қоғамдық бақылау» жобасына қатысуға шақырамыз.

Әдістемелік нұсқаулықпен Фэйсбуктегі осы топтың мүшесі болған соң таныса аласыз. Сілтемесі төменде көрсетілген.

https://www.facebook.com/groups/485890975613329/

 Біз бірлесіп қана сатып алудың ашықтығы мен айқындығын және әділдігін қамтамасыз ете аламыз!

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале