26.05.2020, 10:09
Оқылды: 15

Қала сәулетшісімен онлайн-қабылдау

 2020 жылдың 5 мамырында ANTICOR LIVE жобасын іске асыру аясында «Ақжайық - адалдық алаңы» Facebook парақшасында Орал қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы М.Т.Бердіғалиев жобалық кеңсе алаңында азаматтарды онлайн-қабылдау жүргізді.

E3CD3DB6-AE73-4D95-BF16-6CB8379605B3

Тікелей эфир кезінде әлеуметтік желілерді пайдаланушылардан түрлі сұрақтар түсті. Негізгі мәселелер қаланың сәулеттік келбетіне байланысты, сондай-ақ қаланың бас жоспарын бекіту кезінде қала тұрғындарының пікірін есепке алу, қала тұрғындарының ұсыныстарын енгізу үшін Орал қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімімен байланысты болды.

Пайдаланушылардың барлық сұрақтарына толық жауаптар берілді.

Азаматтарды қабылдау міндеті - халықпен тікелей диалог орнату және нығайту, азаматтардың нақты әлеуметтік мәселелерін шешу.

Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы азаматтар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке 24/7 режимінде жұмыс істейтін «1424» Call-орталығы арқылы хабарлай алады.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале