15.01.2021, 16:33
Оқылды: 355

Мектеп – парасаттылық бастауының қайнары болуы тиіс

2021 жылдың 15 қаңтары күні ақпараттық-ағартушылық штабы Орал қаласының №50 жалпы орта білім беретін мектебі ұжымымен онлайн кездесу өткізді.

IMG_3448 (2)

Кездесу барысында қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлығы үшін басшылардың отставкасы және тәртіптік жауапкершілігі институты, нормативтік-құқықтық актілер жобаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамасы, сыбайлас жемқорлық туралы хабарлағаны үшін азаматтарды көтермелеудің жаңа жүйесі, мемлекеттік қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің сыйлықтар алуына толық тыйым салынуы, сыбайлас жемқорлықтың субъектілері құрамы кеңейтілуі және комплаенс-қызметтер институты туралы түсіндірілді.

IMG_3460

Шара барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаменті Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Б.М.Хайруллин бүгінгі таңда басты назар сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, қоғамда парасаттылықты қалыптастыру мәселелерінде екендігін атап өтті.

IMG_3458

Өз кезегінде мектептер парасаттылықты қалыптастырудың қайнар көзі болуы тиіс. Соның ішінде «Адал ұрпақ» жобасы өскелең ұрпақтың бойында парасаттылықты қалыптастыруда ерекше орынға ие болуда.

Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале