15.11.2016, 17:41
Оқылды: 21

Алтын мен күміс иеленді

????????????????????????????????????

   Ақмола облысының Степногорск қаласында Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мерекесіне орай «Бірлігіміз жарасқан» атты ХІІ Ұлттық Дельфийлік ойындары ұйымдастырылды.


Оған Батыс Қазақстан облысы атынан Ақжайық аудандық балалар шығармашылығы орталығынан «Жас зергер» үйірмесінің мүшесі Аслан Өтеген (Құрманғазы атындағы саз колледжісінің студенті, жетекшісі Тимур Сүлимен) «Қолөнер» аталымы бойынша қатысып алтын медаль және «Фотоәуесқойлар» үйірмесінің мүшесі Гаухар Бауыржан (М.Әуезов атындағы орта мектептің 9 сынып оқушысы, жетекшісі Сәкен Әбілхайыров) «Фотография» аталымы бойынша қатысып, күміс медаль иеленді.

Балалар шығармашылығы орталығының үйірме мүшелері 2006 жылдан бері Ұлттық Жастар Дельфий ойындарына қатысып келеді, осы кезеңде олар 12 медальға ие болды. 5 алтын, 3 күміс, 4 қола.

Ақмарал БЕКЕТАЕВА

Ақжайық ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале