26.08.2016, 16:04
Оқылды: 19

Ардагерлер шықты сахнаға

чапайАрдагерЕліміз азаттығымыздың 25 жылдығы құрметіне Ақжайық ауданының орталығы – Чапаевта ардагер көркемөнерпаздар арасында «Тәуелсіздікке тағзым!» атты байқау-фестиваль ұйымдастырылды. Қатысушыларды аудан әкімінің орынбасары Меңзипа Жұматова құттықтады.

Чапаев, Мерген, Көнеккеткен және басқа ауылдардан осы шараға ынта-ықыласпен келген ата-әжелердің өнеріне көпшілік қошеметпен қол соқты.

Белгілі сазгер, мәдениет саласының ардагері  Еділбай Меңдешев ән әуелетуімен басталған өнер кешінде ауданның ардақты ақсақалдарының бірі, ұстаз Мұрат Мақашұлы баянда попурри, Атолла  Нұрмұханов пен  Аманғали Қайсағалиев күй, Көшерғали Макаров терме орындады. Қамария Зиналиева, Жасқайрат Құрманғазиев, Роза Сариева дәстүрлі әндерді шырқады. Аудандық ардагерлер хоры, «Радуга» славян мәдени орталығының хоры да тамаша орындаушылықтарымен қошеметке бөленді.

Үздік нөмірлер облыстық байқау-фестивалға барады.

Бекем Бекұлы

Ақжайық ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале