29.08.2016, 14:37
Оқылды: 25

Ардагер ұстазға, анаға қошемет

устазгаКошеметҚұрманғазы атындағы музыкалық училишенің қобыз, прима класы бойынша 1977 жылғы түлегі, Чапаев ауылының тұрғыны Бәтес Құлбарақова 34 жыл еңбек өтілінде музыка мектебінде шәкірт тәрбиелеуге, ауданның мәдени-рухани өміріне зор үлес қосқан жандардың бірі болып табылады. Ол 2001 жылдан бастап аудандық ұлт-аспаптар оркестрін дүниеге әкелудің ортасында болды, осы өнер ұжымының қалыптасуына зор еңбек сіңірді. Ал 2001-2007 жылдар аралығында Ақжайық балалар музыка мектебін басқарды. Кейін денсаулығына байланысты жұмыстан қол үзгенімен ортақ істерден әлі күнге қол үзген емес.

Өзінің 60 жасын қарсылаған Бәтес Кәрімқызын аудан әкімі Әділ Жоламанов қабылдады. Ол өнерде жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шәкірттері бар ұстаздың еңбегіне өңіріміз жұрты, әріптестері тағзым ететінін айтты. Аудан басшысы мерейжас иесіне, оның отбасына зор тілегін арнады, иығына камзол жапты. Бәтес Кәрімқызын сондай-ақ ұйымдар өкілдері, әріптестері құттықтады.

Бекем Бекұлы

Ақжайық ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале