8.11.2016, 12:26
Оқылды: 19

Ауылбасылар, әлде де ширағырақ, шымырлау...

%d0%b0%d1%83%d1%8b%d0%bb%d0%b1%d0%b0%d1%81%d1%8b%d0%bb%d0%b0%d1%80-%d3%99%d0%bb%d0%b4%d0%b5-%d0%b4%d0%b5-%d1%88%d0%b8%d1%80%d0%b0%d2%93%d1%8b%d1%80%d0%b0%d2%9b-%d1%88%d1%8b%d0%bc%d1%8b%d1%80%d0%bbАқжайық ауданының әкімі Әділ Жоламановқа ауылдық округтер әкімдері – Нұртаза Нәбиденов (Чапаев), Дәмелі Бекен (Ақсуат), Артур Ермұханов (Базартөбе) және Айдынғали Елеусінов (Алмалы) есеп берді.

Оң тәжірибе атап көрсетілді. Айталық, аудан орталығында 7 шаруа қожалығы биылдың өзінде 16 бас асыл тұқымды бұқа сатып алды. Мал басын асылдандыруға байланысты «Орал ұрықтандыру» стансасымен келісімшарт жасалып, ұрық әкелініп тұрады. Бүгінге 70 бас сиыр жасанды ұрықтандырудан өтті. Мал шаруашылығында Ақсуатта да берекелі істер бар. Мұнда мысалы, «Агробизнес – 2020» бағдарламасының «Шебер жоспары» бойынша «Мұхадес» шаруа қожалығы мал бордақылау алаңы құрылысын бастады. Ал «Ернұр-Ж» шаруа қожалығы «Жабы» асыл тұқымды жылқы шаруа қожалығы бойынша Ұлттық палатаға тіркелді. «Л.Сейіткереева» жеке кәсіпорны шағын наубайхана ашып отыр. Немесе мына мысал: Түліктің тұқымдық сапасын арттыру, селекциялық асылдандыру мақсатында 14 шаруа қожалығы 1113 басқа субсидия алды, бұл ауылдық округ бойынша ірі қара аналығының 64 пайызы болып табылады.

Ауылдарда маңдайалды кәсіпкерлердің тәжірибесін тұрғындар арасында кеңірек насихаттау жөнінде ілгері қадамдар бар. «Шаруа күндері», «Кәсібің – нәсібің», «Ауылына қарап азаматын таны, еңбегіне қарап ерін таны» атты жүздесулер ұйымдастырылып тұрады.

Ауылбасылар халықтың денсаулығын сақтау, елдімекендерді көріктендіру, мектеп өмірі, тұрғындардың арыздарымен жұмыс, басқа да бағыттармен қатар мерекелі жылдың сан қырлы істері жайында баяндады. Егемендік жылдарындағы жетістіктердің негізін әр тұрғынның жақсы білуіне қол жеткізу, ұлт бірлігін шыңдау, ата-бабадан мирас құндылықтарды өмірімізге дендеп енгізу жөніндегі іс-шаралар кеңінен қанаттануда.

Аудан басшысы ауылдарда құқық тәртібіне байланысты серпілісті істер қажет екенін мықты қаперге салды. Рұқсат құжаттары болмаса да арақ-шарап сататын сауда орындары ұшырасады. Заңсыздыққа барып отырғандарды қолға алу керек.

Бекем Бекұлы

Ақжайық ауданы

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале