8.08.2016, 12:55
Оқылды: 35

Шыңғырлау ауданында «Ауылдағы кәсіпкерліктің дамуы» туралы семинар-кеңес өтті

 kasipkerlikШыңғырлау ауданында ауыл кәсіпкерлерінің басын қосып, бүгінгі кәсіпкерлікті дамыту, оның жолдары мен көрсетілетін қолдау көмектер туралы ақпаратты түсіндіру жұмыстарын қамтыған «Ауылдағы кәсіпкерліктің дамуы» тақырыбында семинар-кеңес өтті. Бұл шараға облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының кәсіпкерлік және сауда бөлімінің, облыстық кәсіпкерлер палатасының басшылары, «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры облыстық филиалының өкілдері қатысты.


 

Еліміздегі шағын және орта бизнесті қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасындағы кейбір өзгерістер, қабылданып жатырған мемлекеттік-жекеменшік әріптестік Заңы, Ұлттық кәсіпкерлік палатасының оқыту, түсіндіру және кеңес беру бойынша пайда болып жатқан жаңалықтарын түсіндіруді мақсат еткен семинар барысында осы саладағы мемлекеттік бағдарламалар мен олардың орындалуы, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік туралы, несие алудың жолдары, олардың пайыздық мөлшерлері, «Даму» қорының кәсіпкерлерге беретін кепілдігі мен сол арқылы алынатын несие жеңілдігі туралы түсіндірілді. Кәсіпкерлер тарапынан несиеге қойылатын кепілдіктер, субсидия мәселелері тұрғысында сұрақтар қойылып, нақты жауаптар берілді.kasipker

Шыңғырлау ауданында бүгінгі таңда 583 кәсіпкерлік тіркелген, оның 476-сы, яғни, 81,6 % -ы жұмыс жасап тұр. Осы субьектілерге 949 адам тартылған. Ауданда шағын және орта бизнесті дамытудың 2020 жылға дейінгі стратегиялық жоспары жасалып, облыстық құзырлы органдар және қоғамдық кеңестермен мақұлданып, бекітілген. Кәсіпкерліктің даму картасы жасақталған және ауданның инвестициялық картасы жасалуда.

Аудандық кәсіпкерлік бөлімі шағын және орта бизнесті дамытудағы мемлекет тарапынан көрсетілетін бағдарлы қолдаулар тұрғысында түсінік жұмыстарын жүргізу, тұрғындар арасынан жаңа ісін ашамын деген кәсіпкерлерді анықтау және көмектесу мақсатында ауылдық округтерді жиі-жиі аралап жүреді.

                                                                                            www.zhaikpress.kz

Қаршыға Елемесов

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале